"Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?" дөңгелек үстел
«М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы»КММ жанындағы интернат жатақханасында
бабаларымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибесінің тамырларына мән бере отырып, әке тәрбиесінің маңызын ашу мақсатында "Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?" атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара жалпы әкелер өз ойларын ашық ортаға салу, пікір алмасу үшін негізгі жоспарланып өткізілді.
Сондай-ақ, тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетіліп, , тақырып бойынша берілген сұрақтар төңірегінде ой қозғалып, әңгіме өрбіді.
Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар түгелдей дерлік келіп қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, құнды пікірлерімен бөлісіп, жас ұрпаққа келелі ой салды.
Бұл дөңгелек үстелдің де мақсаты бала тәрбиесіндегі әке рөлін нығайту, жас өркеннің бойына кішілік пен ізгілік нәрін себу еді.
Аталған іс-шарада жас шәкірттер мен әкелер "Әке үйдің тірегі", "Әкем - мақтанышым" атты тақырыптарында өз ойларын ортаға салды.