Текст
23-сәуір орталық мәдениет үйінде Ақмола облысы полиция департаменті үгіт-насихаттық тобы 9-11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Бұл жерде Қостанай, Ақтөбе, Алматы қалаларындағы жоғары әскери оқу орындарына қалай түсу керек екендігі және қандай құжаттар жинау керектігі жайында мәлімет берді. Соңынан Ақмола облысы полиция департаменті қызметкерлері Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай концерт берді. Кәсіби бағдар беру педагогы: Б.Абдильманова