«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ел ертеңі - адал ұрпақ

     Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткен тоқсанның қорытындысы бойынша мектебімізде «Парасатты азамат» бұрышы шығарылып , «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы, сенім телефоны орнатылып өз жұмысын атқаруда. Ата-аналар жиналысында мектеп ұжымы мен қызметкерлеріне құқықтық тәрбиелеуде және құқық бұзушылықтарға , оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керектігі түсіндірілді. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.

Халқымызда «Жас кезінде білім берсең қалайда,Өсе келе қолы жетер талайға » , – деген даналық сөз бар. Бала болашағы –  бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас  бір ұлттың бүгінін ертеңімен  жалғайтын алтын көпір, асыл мұраты. Сондықтан ұстаз алдындағы  әр шәкірт  ата-ананың ғана емес, туған  елінің ертеңгі арқасүйер  азаматы - адал ұрпағы ,  өз ұлтының  туын көтерер перзенті екенін ұмытпайық.

Жаңартылған күні: 07.04.2021 10:37
Құрылған күні: 07.04.2021 10:37

Текст