Ұйымдар тізімі
Қарттар – қоғамның рухани-мәдени мұрасының сақтаушысы, жас ұрпақ үшін өмірлік тәжірибе мен тағылымның қайнар көзі. Осыған байланысты мектебімізде Қарттар күніне арналған тәрбиелік бағыттағы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар бойында үлкенге құрмет көрсету, қариялар еңбегін бағалау және ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру сияқты адами құндылықтарды дамыту. Шара барысында оқушылар көркемсөз оқып, ән айтып, өз өнерлері арқылы қарияларға деген құрметтерін білдірді. Қатысушылардың белсенділігі мен қариялардың шынайы ықыласы іс-шараның мазмұнды әрі мағыналы өткенін көрсетті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың әлеуметтік-мәдени дамуына оң әсер ететіні сөзсіз./public/files/2025/10/30/301025_133907_whatsapp-video-2025-10-30-at-123352.mp4

Бүгін 5-сыныпта ағылшын тілінен...