Текст
17.09.2024ж мектеп кітапханасында "Кітапханадағы жергілікті нормативтік құжаттама" тақырыбында аудандық мектеп кітапханашыларының семинары өтті. Семинарда мектеп кітапханашысы биылғы оқу жылында "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы аясында жаңадан жабдықталған кітапхананы көрсетті, іс-құжаттарды жүргізу туралы және "Кабис" бағдарламасымен жұмыс жасауды түсіндіріп өтті.