«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі.

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы                                      мектеп – гимназиясы» КММ – нің 2022 жылғы мемлекеттік                             қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі.

 

 

1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:                                                                                                                      Зеренді ауданының  жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – есеп) "М.Ғабдуллин атындағы мектеп - гимназиясы" КММ – де  көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

Мемлекеттік қызметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы                                      мектеп – гимназиясы» КММ   4 қызмет түрін көрсетеді.

2022  жылы  жалпы  көрсетілген мемлекеттік қызметтер –  84, соның ішінде:

№ р/с

Мемлекеттік қызмет атауы

Барлығы

   1

 

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

55

2

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау

0

3

Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру 

2

4

Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау.

27

5

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау 

0

 

(қызмет қағаз және электронды түрінде тегін көрсетіледі) мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі)

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жөнінде толық ақпарат  мектептің  ғимаратында стендте жайғастырылған. 

2022 жылы жиында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде тақырыптар талқыланды. 

Тұрақты негізде жауапты қызметкерлермен және мемлекеттік мекеме басшыларымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ. Қызмет алушылар тарапынан арыздар түскен жоқ.

3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты «М.Ғабдуллин атындағы мектеп – гимназиясы» КММ  http://sc0015.zerenda.aqmoedu.kz/ news/ open/id- 3902021 сайтында және Instagram және Fecebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есеп сайтта "М.Ғабдуллин атындағы мектеп - гимназиясы" КММ – нің  веб - порталында, жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл бойы 1 дөңгелек үстел өткізілді, мемлекеттік орган қызметкерлері халыққа сұранысқа ие қызмет көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізді. Мемлекеттік органның Fecebook БАҚ және әлеуметтік желілерінде 1

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Жергілікті атқарушы органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқуға қатысқандар – 0 қызметкер оқытылды: Техникалық оқу 2022 жыл айында өткізілді жоқ.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Бұзушылық анықталған жерде болған жоқ:

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері. Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

/public/files/2023/2/21/210223_164751_1kaz.jpg

/public/files/2023/2/21/210223_164810_2kaz.jpg

/public/files/2023/2/21/210223_164826_3kaz.jpg

 

 

 

 

 

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 21.02.2023 16:53
Құрылған күні: 21.02.2023 16:53

Текст