Ұйымдар тізімі
2025 жылдың 25 қазан айында мектепте сынып жетекшілер бірлестігінің кезекті жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі тақырыбы — «KiVa», «ДосболLike» бағдарламалары негізінде қауіпсіз орта қалыптастыру болды.
Отырыс барысында аталған бағдарламалардың мақсаты мен маңыздылығына тоқталып, мектеп ұжымының алдында тұрған негізгі міндеттерді атап өтті. «KiVa» және «ДосболLike» бағдарламалары мектептегі буллингтің алдын алуға, оқушылар арасында достық, өзара сыйластық пен қолдау атмосферасын орнатуға бағытталғаны айтылды.
Сынып жетекшілері өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, сынып ұжымында қауіпсіз және жайлы психологиялық ахуал қалыптастырудың тиімді әдістерімен бөлісті. Әр сыныпта профилактикалық әңгімелер, топтық жаттығулар мен тренингтер өткізу туралы ұсыныстар талқыланды./public/files/2025/10/30/301025_161323_whatsapp-video-2025-10-30-at-150517.mp4

Мектебімізде 25-қазан Республика...