«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық кеңес.Тақырыбы: Оқушы үні

/public/files/2025/11/7/071125_172740_whatsapp-video-2025-11-06-at-104731.mp4,/public/files/2025/11/7/071125_172926_whatsapp-video-2025-11-07-at-115919.mp4

Мектебімізде «Оқушы үні» тақырыбында үш одақтың (мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар одағы) бірлесуімен педагогикалық кеңес өткізілді. Бұл кеңестің негізгі мақсаты – білім беру үдерісінде оқушының пікірін ескеру, оқу орнында демократиялық қарым-қатынас орнату және білім сапасын арттыруда оқушылардың белсенді рөлін күшейту болды.
Кеңес барысында оқушылар өздерінің оқу тәжірибелері туралы ойларымен, ұсыныстарымен бөлісіп, мектеп өміріне қатысты маңызды мәселелерге өз көзқарастарын білдірді. Мұғалімдер қауымы оқушы үні арқылы сабақ үдерісін жетілдірудің, оқу мотивациясын арттырудың тиімді жолдарын талқылады. Ал ата-аналар баланың жеке тұлғалық дамуы мен отбасы тәрбиесінің рөлі туралы пікірлерін ортаға салды.
 Кеңес соңында «Оқушы үні – сапалы білімнің кепілі» деген ортақ тұжырым жасалып, мектеп қауымдастығы оқушының пікірін тыңдау мәдениетін одан әрі дамытуға байланысты жан-жақты,бірлесіп жұмыс жүргізуді іске асыратын болды.


Текст