Текст
Өзін-өзі басқару ұйымы – Таза Қазақстан акциясында!
4 қыркүйек мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының белсенді оқушылары «Таза Қазақстан» республикалық акциясына атсалысты.
Оқушылар мектеп ауласын тазалап, жасыл аймақты күтіп-баптауға өз үлестерін қосты.
Бұл шара – туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып қана қоймай, табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тамаша қадам болды.