«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

/public/files/2026/2/5/050226_182802_whatsapp-video-2026-02-05-at-164546.mp4,

Бүгін мектебімізде жаңа форматта «Заманауи балалар: қауіпсіздік, құндылық және жауапкершілік – мектеп пен отбасының ортақ мүддесі» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа Зеренді ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Б.Т. Чокпаров және ювеналды полиция қызметкері, полиция майоры Д.Т. Аубакиров қатысып, интернет желісіндегі ойындардың әсері, буллинг пен кибербуллинг, дропперлік сияқты өзекті мәселелер бойынша ата-аналарға маңызды мәліметтер берді.

Жиналыс барысында мектептегі тәрбие жұмысы аясында үйірме қатысушылары өз қолдарымен жасаған шығармашылық туындыларын таныстырды. Домбырашылар күй шертіп, әншілер ән шырқап, оқушылар сахналық қойылымдар қойып, әртүрлі образдарды сәтті сомдай алды.

Мектеп директоры Э.М. Халелова қазіргі қоғамда кеңінен қолданысқа еніп жатқан жаңа терминдерге түсініктеме беріп, олардың маңыздылығына тоқталды. Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.М. Кенжина іс-шараны жүргізіп, ата-аналармен ашық пікір алмасу алаңын ұйымдастырды.

Жиналыс ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті терең түсінуге мүмкіндік берді.


Текст