Текст
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінен ұстаздар келіп, 9-11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Әр саладағы мамандар (музыка, дизайнер, актер, іс-шаралар ұйымдастырушы) оқушылармен "Шебер сынып" өткізді. Кездесу өте қызықты өтті. Оқушылар өз қалауларымен әр салаға қатысып, қызығушылықтарын танытты. Колледжге түсу үшін қандай құжаттар жинау керектігін және оқу тегін, жатақханамен қамтамасыз етілетіндері жайында айтып өтті. Кәсіби бағдар беру педагогы: Абдильманова Б.З.