Мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту, оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қолдау көрсету мақсатында 2025–2026 оқу жылына арналған ата-аналар комитеті жаңадан сайланды.
Жаңа құрамдағы ата-аналар комитеті мектеп өміріне белсенді араласып, оқу-тәрбие жұмысының жүйелі жүруіне ықпал етуді көздейді. Комитет мүшелері өз алдарына биылғы оқу жылына нақты мақсаттар мен айқын міндеттер қойып отыр. Атап айтқанда:
-мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту;
-оқушылардың шығармашылық, зияткерлік, мәдени дамуына жағдай жасау;
-әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету;
-тәрбиелік іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру;
-мектептегі оқу процесінің сапасын арттыруға үлес қосу./public/files/2025/9/7/070925_205648_whatsapp-video-2025-09-07-at-193403.mp4