2025–2026 оқу жылындағы ата-аналар жиналысы туралы мәлімет
2025–2026 оқу жылының басында жоспарға сәйкес жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісінің бағыттарымен ата-аналарды таныстыру, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту, оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі туралы ақпарат беру болды.
Жиналыс барысында сынып жетекшісі өткен оқу жылының қорытындыларына тоқталып, алдағы оқу жылына қойылатын мақсат-міндеттермен таныстырды. Сонымен қатар, мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқу үлгерімін арттыру жолдары, оқушылардың қауіпсіздігі, мектеп формасы мен оқулықтармен қамтамасыз етілуі туралы маңызды мәліметтер айтылды.
Күн тәртібіне сәйкес ата-аналармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жиналыс соңында көпшіліктің келісімімен ата-аналар комитеті қайта сайланды. Комитет құрамына белсенді, жауапкершілігі жоғары ата-аналар енді. Ата-аналар комитеті алдағы уақытта мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасап, түрлі іс-шараларға қолдау көрсетіп отыратын болады./public/files/2025/9/7/070925_155303_whatsapp-video-2025-09-05-at-152010.mp4,/public/files/2025/9/7/070925_155749_whatsapp-video-2025-09-07-at-144129.mp4,/public/files/2025/9/7/070925_160207_whatsapp-video-2025-09-05-at-232548.mp4,/public/files/2025/9/7/070925_160405_whatsapp-video-2025-09-05-at-220259.mp4