Текст
"Полиция және балалар: қауіпсіздіктің негізгі ережелері" атты сабақ өтті
Бүгін 1-сынып оқушылары үшін жергілікті ішкі істер бөлімінің қызметкерлері "Полиция және балалар: қауіпсіздіктің негізгі ережелері" тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – балаларға қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелерін түсіндіру және полиция қызметкерлеріне деген сенімді қалыптастыру.
Полиция қызметкерлері жолда жүру ережелері, бөгде адамдармен қарым-қатынас жасау, төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігі жайлы қарапайым әрі түсінікті тілде айтып берді. Балалар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары балаларға арналған ақпараттық жадынама мен шағын сыйлықтар тарту етті.