Текст
"МАҒРИФАТ" қоғамдық бірлестігінің басшысы, теолог, дінтанушы Қанат Жылқыбайұлы Мустафин, Зеренді ауданының бас имамы Хабзат Қасенұлы Баужанов, сондай-ақ Зеренді ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Серікбай Балташұлы Өтегенов 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жастарға рухани-адамгершілік тәрбие, діни сауаттылықты арттыру және деструктивті діни ағымдардың алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестермен бөлісті. Іс-шара оқушылар үшін мазмұнды әрі танымдық сипатта өтті./public/files/2025/9/10/100925_173015_whatsapp-video-2025-09-10-at-123620.mp4