Текст
Информатикадан 9 “А” сынып оқушыларымен өткен сабақтан үзінді. Тақырыбы: Сұрыптау. Мақсаты: сұрыптау алгоритмдерін қолдану. Пән мұғалімі: Ильясова М.Б. “Tarsia” ойыны арқылы үй тапсырмасы тексерілді. Мағынаны тану үшін әр топтан 2 оқушы шығып сұрыптау әдісіне мысалдар келтірдік. Тақырыпты ашу үшін “Фишбоун” әдісін пайдаландық. Бекіту үшін baamboozle.com сайтында тапсырма орындадық. Практикалық жұмысты компьютерде орындадық. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар белсенділік танытты.
,