Текст
7 "А" сыныбында Ортағаш және Байтерек мектептерінің оқушыларымен ағылшын тілінен "Invitation and arrangements" тақырыбында сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп, оларды сөйлемдерде қолдану бойынша түрлі тапсырмалар орындады.
Сабақтың соңғы кезеңінде оқушыларға концерт билеттері ұсынылды, бұл олар үшін қарым-қатынас жасауға арналған ойын жағдайын жасады.
Олар жаңа сөздер мен сөйлем құрылымдарын қолданып, бірін-бірі концертке шақырып, шақыруды қабылдап немесе бас тарта алды.
Бұл тек лексиканы бекітіп қана қоймай, сондай-ақ табиғи жағдайда коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Пән мұғалімі: Балтабаева А.С.