«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп ұжымына педагогикалық кеңес барысында "KiVa" бағдарламасының жұмыс алгоритмі таныстырылды Бүгін мектеп ұжымына Финляндияда әзірленген және қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде сәтті қолданылып жүрген "KiVa" бағдарламасының жұмыс алгоритмі таныстырылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында буллингтің (қорлау, мазақ ету, қысым көрсету) алдын алу және оның салдарын азайту. Таныстырылым барысында педагогтар мен мектеп әкімшілігіне "KiVa" бағдарламасының құрылымы, негізгі кезеңдері мен іске асыру жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар буллинг жағдайларын анықтау, оған жауап беру әдістері, оқушылармен және ата-аналармен жұмыс жүргізу механизмдері талқыланды. Мектеп ұжымы бұл бағдарламаның маңыздылығын атап өтіп, оның білім алушылар арасында қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруға ықпал ететінін айтты

/public/files/2025/9/5/050925_133308_kiva.mp4


Текст