Текст
Ұйымдар тізімі
4–7-сынып оқушылары арасында «Абайлаңыз, жұқа мұз!» тақырыбында облыстық төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерімен Zoom платформасы арқылы онлайн жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты – қыс мезгілінде мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау. Кездесу барысында маман жұқа мұздың қауіптілігі, төтенше жағдайдың алдын алу жолдары және мұз үстінде өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері туралы мәлімет берді. Сонымен қатар оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді./public/files/2026/2/6/060226_155852_whatsapp-video-2026-02-06-at-144151-1.mp4

Жаратылыстану және математика...