«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ДосболLiKe» бағдарламасы бойынша өткен сынып сағаттары

Мектебімізде «ДосболLiKe» бағдарламасы аясында 6, 8 және 11-сынып оқушыларына арналған сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластықты қалыптастыру, буллингтің алдын алу және қауіпсіз, қолайлы орта құру болды.

Сынып сағаттары барысында оқушылармен ашық әңгіме жүргізіліп, достық, мейірімділік, жауапкершілік және бір-біріне қолдау көрсету тақырыптары кеңінен талқыланды. Түрлі жағдаяттық тапсырмалар, пікір алмасулар мен тәрбиелік бағыттағы жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі артты.

Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын жақсартып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға өз үлесін қосты./public/files/2026/2/9/090226_182553_whatsapp-video-2026-02-09-at-132619.mp4,/public/files/2026/2/9/090226_182611_whatsapp-video-2026-02-09-at-150202.mp4


Текст