Білім беру саласында жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, жастардың жағымды моральдық қасиеттерін , соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу мақсатында мектебімізде «Адалдық дүкені» ашылып, лента қию рәсімі өтті . Аталған іс-шарамызға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Райхан Ғазизқызы , аудандық білім бөлімінің басшысы Жангелді Өсімжанұлы , қамқоршылар кеңесінің мүшесі Марат Шермұқанұлы , мектеп қонақтары , ұжымы және БАҚ өкілдері қатысты. Дүкеннің ашылу мақсаты: «Қоғамда сенім атмосферасына біртіндеп құру және жастарға өзін жақсы , адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру» болып табылады.Лента қию рәсімі:Р.Ғ.Братаеваға және қамқоршылар кеңесінің мүшесі М.Ш.Иманғалиевқа берілді.Мерекелік іс-шарадан соң, Ақмола облысының «Адал жол» кеңесінің маманы Ақерке Дәуренбекқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын жүргізді.