«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоңырау кезіндегі ойын

Үзіліс кезінде оқушылардың көңілін көтеріп, уақытты тиімді өткізу мақсатында «Мақал-мәтелді жалғастыр» ойыны ұйымдастырылды. Ойынға сынып оқушылары белсенді түрде қатысты. Шарты бойынша жүргізуші мақалдың басын айтып, оқушылар оның жалғасын табуы керек болды.

Мысалы, «Оқу – білім бұлағы...» дегенде, оқушылар бірден «Білім – өмір шырағы» деп жалғастырды. «Еңбек етсең ерінбей...» деген мақал да тез табылып, «Тояды қарның тіленбей» деп дұрыс жауап берілді. Балалар бір-бірімен жарыса жауап беріп, тапқырлықтарын көрсетті.

Ойын барысында оқушылардың ойлау қабілеті артып, сөздік қоры молайды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, мақал-мәтелдердің мағынасын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Үзіліс қызықты да пайдалы өтті./public/files/2026/2/12/120226_194630_whatsapp-video-2026-02-11-at-151344.mp4


Текст