Текст
9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар бойынша М.Тынышбаев атындағы Астана АLT көлік колледжінен мамандар келіп, кездесу өткізді. Колледжде дайындап шығаратын мамандықтарды таныстырды, оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімін айтып өтті. Оқу тегін, жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу бітірген соң жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері бар екенін айтып кетті. Кәсіби бағдар беру педагогы: Абдильманова Б.З