Ұйымдар тізімі

/public/files/2026/2/2/020226_213435_whatsapp-video-2026-02-02-at-201553-1.mp4,2026 жылғы 5 қаңтарда Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясында Қамқоршылық кеңестің отырысы өтті. Отырыста мектеп түлектері тарапынан көрсетілген ерікті демеушілік көмектің жалпы көлемі 1 134 600 теңгені құрағаны айтылды. Қамқоршылық кеңес мүшелері аталған қаражатты Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасын насихаттау мақсатында мектеп фойесі мен дәліздерін брендбук талаптарына сай безендіру жұмыстарына бағыттау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. Қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен жұмыстардың сапасын бақылау Қамқоршылық кеңес төрағасы мен мектептің шаруашылық меңгерушісіне жүктелді. Жұмыстардың нәтижесі туралы есеп мектептің интернет-ресурстарында жарияланатын болады.

Тірек мектебі жобасы аясында...