Ұйымдар тізімі
29.01.2026
Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) 7–11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» атты аудандық олимпиада өтті. Олимпиадаға 18 жалпы орта білім беретін мектептен және 10 негізгі орта мектептен барлығы 89 оқушы қатысты. Білім сайысы 5 бағыт бойынша ұйымдастырылды.
Олимпиаданың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық және ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар: «Бейнелеушілер» номинациясы
І орын – Зеренді ауылы М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының
9 «ә» сынып оқушысы Жолдыбек Айдын. Жетекшісі: Халелова Э.М. «Сөз шеберлері» номинациясы
ІІ орын – Зеренді ауылы М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының
11 «а» сынып оқушысы Қайролла Мәншүк. Жетекшісі: Дюсенова С.С. «Білгірлер бәйгесі» номинациясы
ІІ орын – Зеренді ауылы М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының
10 «ә» сынып оқушысы Кальжан Ақерке. Жетекшісі: Садыкова Г.М. «Жас қаламгер» номинациясы
ІІ орын – Зеренді ауылы М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының
10 сынып оқушысы Әміржан Адия. Жетекшісі: Садыкова Г.М. Жүлдегерлер аудан басшысының мадақтамасымен,
ал олимпиадаға белсенді қатысқан оқушылар сертификаттармен марапатталды. Олимпиада жеңімпазы – Жолдыбек Айдын (І орын)
облыстық іріктеу кезеңіне жолдама алды. Сәттілік тілейміз! Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

