«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ерте жүктілік" атты тақырыпта аудандық жасөспірімдер дәрігерлерімен кездесу өтті.

Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында кездесу өтті

Бүгін аудандық жасөспірімдер дәрігерлерінің қатысуымен 8–11 сынып оқушыларымен маңызды кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру болды.

Шара барысында дәрігерлер жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сай түсінікті тілде ақпарат беріп, ерте жүктіліктің физикалық, психологиялық және әлеуметтік салдары туралы баяндады. Сонымен қатар, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды.

Мұндай кездесулердің жастарға өмірлік маңызды бағыт-бағдар беріп, олардың болашағына оң әсер ететіні сөзсіз.


Текст