«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бала құқығы - адам құқығы"

/public/files/2026/1/22/220126_102341_whatsapp-video-2026-01-20-at-201459.mp4

«Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамның бала құқығын қорғаудағы жауапкершілігін арттыру болды.

Іс-шараға аудандық ювеналды полиция қызметкері Д.Т. Аубакиров қатысып, бала құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде маңызды мәліметтер берді. Сонымен қатар, балаларға қатысты заңнамаларға тоқталып, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайлар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шараға ата-аналар да белсене қатысып, бала тәрбиесіндегі құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, ата-ана жауапкершілігі туралы пікір алмасты. Кездесу барысында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Іс-шара мазмұнды әрі пайдалы өтіп, қатысушылар бала құқығын қорғаудың қоғам үшін маңыздылығын тереңірек түсінді.

 


Текст