Ұйымдар тізімі
03.02.2026
Сабақтың тақырыбы: «Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы».
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сүйектердің байланысу түрлерінің ерекшеліктерін түсіндіру, олардың қызметін ажырата білуге үйрету және білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында интербелсенді әдістер мен жасанды интеллектке негізделген цифрлық ресурстар тиімді пайдаланылды. Үй тапсырмасы «Плинтер» әдісі бойынша тексерілді. Жаңа сабақ бейнефильм көру арқылы ашылып, тақырыптың мазмұны ашылды. Оқушылар топтық және жұптық жұмыстар орындап, сүйек байланысының түрлерін салыстырды. Сабақты бекіту кезеңінде Wordwall платформасы арқылы интерактивті тапсырмалар орындалды. Қолданылған заманауи әдіс-тәсілдер мен цифрлық ресурстар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, сабақ мақсатына толық жетуге мүмкіндік берді.
