Ұйымдар тізімі
13.02.2026
12 ақпан күні мектебімізде дәстүрге айналған «Екі жұлдыз» ән байқауы жоғары деңгейде өтті. Бұл байқаудың ерекшелігі – сахнада тек оқушылар ғана емес, ұстаз бен оқушы, сондай-ақ ата-ана мен бала жұп болып өнер көрсетті.
🎶 Ән мен жүрек үндескен бұл кеште қатысушылар көрермендерге ерекше әсер сыйлап, сахна мәдениеті мен шығармашылық шеберліктерін танытты. Әр жұптың өнері – өзара сыйластықтың, қолдаудың және бірліктің жарқын көрінісі болды.
🌟 Байқау барысында қатысушылардың орындаушылық шеберлігі, сахнадағы үйлесімі және көркемдік талғамы әділқазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.
👏 «Екі жұлдыз» – бұл жай ғана ән байқауы емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығын, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайтатын рухани кеш.
Қатысқан барлық жұптарға алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Өнерлі жандар көбейе берсін!
