«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Археологиялық экспедиция

13.08.2019

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Жаңа Талап ауылы маңындағы қазба жұмыстар туралы мәлімет.
                   2019 жылдың 17 -27 маусым аралығында Жаңа Талап ауылы маңында   ұйымдастырған лагерьде қазба жұмыстарына Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 8-9 және №1 Зеренді орта мектебінің 10 сыныбының оқушылары мен ұстаздар қатысты.

         Археологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақ жерін  қола дәуірі кезінде мекендеген адамдардың ескерткіші зерттелді.

         Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. 3-мыңжылдықта басталған. Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын алады. Бұл дәуірде адамзат металды игерді. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды.(1)
                   Қазақстанның қола дәуіріне үңілмес бұрын «Андронов мәдениеті» деп аталатын мәдениетке тоқталайық. Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында "Андронов мәдениеті" деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері "Андронов" деген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Бүгінгі таңда Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола заманында өте кең таралғандығы белгілі болып отыр. Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді. Қола дәуірі мәдениетінің  көнесі — Андронов мәдениеті. 
Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. 

        Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы — Көкшетау өңірі. Себебі бұл аймақта адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай қалыптасқан.

                   Андроновтық тұрғындарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты белгілерінің бірі- жерлеу ғұрпы. Жерлеу орындары кішігірім қазандай, жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Тас қоршаулардың пішімі әр түрлі, киіз үйдің орны сияқты дөңгелек, тіктөрт бүрышты,

кейде тіпті шаршы түрінде де кездеседі. Әдетте, қоршаудың орта шенінде қабір болады. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты. Тас сандық үсті бір немесе екі-үш жалпақ тастармен жабылады. Кейде тас сандық

тың қабырғалары да тігінен қойылған үлкен жалпақ тастардан жасалады. (2)
Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол-аяғы бүктеліп, тас тақталардан жасалғтан «жәшікке» немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салынып жерленді. Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Мұның алдындағы уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді. 

        Экспедиция барысында Зеренді ауылының оқушылары екі жерлеу орынды зерттеуге ұлестерін қосты. Екі жерлеу орнынындада кремация жасалған, яғни мәйттерді өртеп қалған сүйектерін жерлеген. Қорғаннан геометриялық өрнектермен сәнделген ыдыстардың және ағаш бағанның қалдықтары табылды.        

        Нәтижесі ретінде қазба жұмыстарына қатысқан балалар сертификатпен марапатталады.

 

М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі Нұрсейітов Талғат Олжабайұлы.

 


 

Просмотров: 651


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст