«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

бағалаудың әділ және ашық жүйесін қалыптастыру

06.02.2018

Әрбір

оқушының жеке траекториясын анықтау үшін қалыптастырушы бағалаудың әділ және

ашық жүйесін қалыптастыру

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік

құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі

артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Қазақстан

Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды

іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында

критериальдық бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз.

Қазіргі білім беру жүйесінің

ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір

іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін,

біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын

бағалауымыз керек.

Оқушының құзіреттілігін дамытуда

педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз

кезегінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет етеді.

Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі

қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған

болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде

оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған

ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты

мақсаттар қойылған.

Әлемдегі бағалау жүйелерінің

көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы

бағаланады. Критериалдық бағалау жүйесі нормативті бағалау жүйесіне жатады. Бұл

бағалау жүйесі- білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына

бағытталған бағалау жүйесі.

Критериалды бағалау –оқушылардың білім жетістіктерін

ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың

негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты

мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша  салыстыруға

негізделген үрдіс.

Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері

Критериалды бағалау міндеттері:

Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық

деңгейін анықтау;

Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен

нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін

оқушыларды ынталандыру;

Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын

меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында

кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалау артықшылықтары:

·               

Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

·               

Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;

·               

Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;

·               

Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;

·               

Білім берудің сапасы артады;

Қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені

тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол

оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір

оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды

меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына

мүмкіндік беріп,мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі,ал оқушыға

– өзінің білім алуына деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу

дәрежесін анықтаудан көрі кең ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным

үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді.Осы орайда  қалыптастырушы бағалау басқа бағалау әдістерінен қарағанда оқушыға

материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды

сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ой салады. Қалыптастырушы бағалау жиынтық  бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім

арасында кері байланысты жылдам қамтамасыз етеді.Әрбір оқушының жеке траекториясы

анықталады және бағалау ашық ,әрі әділ болады.

Суммативті (немесе қорытынды)

бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау (қорытындылау бағасы) кезінде қолданылатын,

тараудың немесе блоктың соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында

оқушының өткен шақтағы жетістіктерін қарастыру үшін қолданылатын және сабақ

оқытудан салыстырмалы түрде тысқары, қандай да бір уақыт аралықтарында

өткізіліп отыратын жетістіктер деңгейінің қорытындысын шығаруда , есеп беруде

қолданылатын бағалау түрі. Бағалаудың бұл түрі формативті бағалаумен

салыстырғанда оқушынының қызығушылығын оята қоймайды.

Формативті бағалау шеңберінде

мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір

қабілетін айқындайтын тестілеу, және көпеген елдерде қолданылып жүрген әдістер

мен формалар ұсынылады.Формативті бағалау әдістемесін қолдану қазіргі таңда

мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып табылады.

Критериалдық бағалау жүйесін

қолдану арқылы біз: 

Оқушының тұлғалық бағытын

белсенді позицияға бағыттау;

Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке,

тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;

Білім алушылардың дайындық

деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;

Әртүрлі жұмыстардан алған

бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы

т.б);

Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы

оқушының еңбегін анықтау;

Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.

Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

•   

тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты

орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері

әсер етеді.

•    әрбір

оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер

білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе,

онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.

•   

оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына

сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру – білімді бағалаудың негізгі өлшемі.

Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау,

беріп, баға қоймайды.

•    оқушылардың теорияны және

фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой

дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

•    білім, іскерлік, дағдыларды түрлі

тәсілдер арқылы тексеру;

•    байқалған кемшіліктерді оқушының

өзі түзетуі;

•    мұғалімнің оқушыларды білімдерін

бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге

үйретуі;

•    бағаны әділ қойылуы;

•    оқушының өзін-өзі және басқаны

бақылауы және бағалауы;

•    әр тақырыпты оқудың нәтижесіне

мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;

•    бақылау-бағалау процесінің әрбір

баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына

көмектесуі. 

Қалыптастырушы бағалау технологиясын

қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім

деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді

Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі

бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін

нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді

құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені

жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының

жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы

бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін- өзі бағалау және

өзара бағалау. Өзін – өзі бағалау – өзіне – өзі баға қою деген сөз емес, бірақ

бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.

Өзін – өзі бағалаудың

алгоритмі мынадай:

1) Тапсырманы орындауда нені жасау

қажет?

2) Тапсырманың барлығын дұрыс

орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?

3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке

орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ?

4) Тапсырманы орындау барысында

қандай біліктіліктер дамыды ?

«Бағалау» термині

жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі

бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе

өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін

мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені

білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен

кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет).

Қазіргі бағалау түрлі

нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екі құрамды : жиынтық және

формативті болуы керек.

Жиынтық бағалаудың

немесе оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не

оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде

өткізіп, өзі бағалайды.

Формативті бағалау үшін

не қажет?

1. Оқушылардың оқудың

мақсатын білуі және түсінуі;

Мақсат кең және сұрақ

түрінде тұжырымдалу керек.Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек.

Нәтижелер нақты,бақыланатын,өлшемді мақсатқа жауап беру керек. 

2. Оқушылармен тиімді

кері байланысты қамтамасыз ету;

Кері байланыс оқушылар

мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады.

Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек.Егерде бала қателессе

,жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Кері байланыс

көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен

сыйластық орнатады.Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай

оқитыны туралы неғұрлым көп білсе,соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру

мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.

3. Оқушылардың

өзіндік оқуға белсенді қатысуы;

«Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. 

Сондай ақ түрлендіру,дамыту,толықтыру керек.Әртүрлі қалып пен мәнмәтінде

қарастыра білу керек.

4. Оқушылардың

өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын

түсіну қажеттілігі;

Бағалау үдерісін шынайы

және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.

5. Оқушылардың

өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен біліктері

Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз

өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және бірін бірі бағалау

парақтарын өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.

6. Бағалау нәтижелерін ескере

отырып, оқытуды өзгерту.

Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі

және қорытындылау сатысы. Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі

болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

жолдарына елеулі әсер етеді.

 Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінің артықшылығына сын көзбен

қарайтын болсақ:

Оқушының жетістік деңгейін нақты

сипаттайды;

Білімге деген ынтасын арттырады;

Баланың өзіне деген сенімділігі артып, жауапкершілікті

сезінеді;

Оқушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ

барысында ғана емес, кез келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік

бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады.

 

Қорытынды

 

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана

қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға

ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші

рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын. Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты- білім сапасын

арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім

алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті

құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.

Просмотров: 683

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст