Оқушылардың функционалдық
сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары
Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады.
Еліміздің үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу
жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл
тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға
қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл
функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім
беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани
тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде
әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру болып табылады.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс- қимыл жоспары ( бұдан
әрі – Ұлттық жоспар) мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту
процесін мазмұндық, оқу- әдістемелік, материалдық- техникалық қамтамасыз ету
жөніндегі іс- шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан
Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс- қимылдарының мақсаттылығын,
біртұқтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.
« Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен
ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен
зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда,
білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат
қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі
ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық
адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді
қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактордың
біріне айналуда.
Функционалдық сауаттылықты дамытуға
1.
Білім беру мазмұны
2.
Оқыту нысандары
3.
Оқудағы жетістіктер
4.
Мектептен тыс қосымша
білім беру
5.
Мектепті басқару
6.
Достық
7.
Ата- аналардың балаларды
оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді ролі.
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына
негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі
экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15
жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы
(Programmer for International Student Assessment- PISA) болып табылады. PISA 15
жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі тұлға аралық
қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін
пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
Білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін
факторларға PISA көшбасшы елдері оқушыларды қосымша біліммен және мектептен тыс
сабақтармен қамтуды жатқызады.
Қосымша білім беру мазмұны жаңаратын болады,
балалардың интерактивті парктерін, технопарктерін, балалардың ғылыми
мұражайларын құру арқылы оқытудың жаңа технологиялары және интерактивтік,
инновациялық, ұйымдастыру нысандары енгізіледі. Сапалы бейінді оқытуды
ұйымдастыру үшін жас техниктердің, натуралистердің, туристердің жұмыс істеп
тұрған станциялары қазіргі заманғы интерактивтік техникамен, жабдықтармен және
технологияларымен жарақтандырылатын болады.
Жалпы білім беретін мектептегі және мектептен тыс
ұйымдардағы әртүрлі бағыттағы үйірмелер, секциялар желісін кеңейту есебінен
балаларды қосымша білім берумен қамту ұлғайтылады. Басты назар ғылыми- зерттеу
жобаларына, техникалық шығармашылыққа, өнертапқыштыққа, модельдеуге,
нанотехнологияларға, робот техникасына, легожобалауға және т.б аударылады.
Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін
қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, білім беру
ресурстарына ( функционалдық сауаттылығына) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін
қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің қызметін
біріктіру қамтамасыз етіледі. Жалпы біріктіру тұлғаның кәсіптік тұрғыда өзін-
өзі анықтауына және оқушыда шығармашылық және инновациялық қызметке деген
қажеттілікті қалыптастыруға ықпал ететін болды.
Қосымша білім беру ұйымының әлеуметтік қорғалмаған
отбасылардан шыққан оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тарту арқылы
әлеуметтік маңызы артатын болады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесі білім беру мазмұнын жаңарту,оқу бағдарламаларын,оқулықтарды жасау,мұғалімдердің
біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бағдарламаларын қайта
қарау,оқушылардың алған білімін оқу және практикалық жағдайларда қолдану
қабілеттеріне мониторинг жүргізу бойынша бірқатар пәрменді шаралар
қабылдауы,сондай-ақ мектеп оқушыларын оқытуды
материалдық-техникалық,психолошиялық жағдайлармен қамтамасыз ету керек.
Отбасы балаға жастайынан адами құндылықтарын
танытып,саналы және өнімді өмір сүруге міндетті. PISA-2009 зерттеуі
функционалдық сауаттылық деңгейіне ата-аналардың балаларды оқыту мен дамыту
процесіне қатысуы оң әсер ететіндігін көрсетті.
Сондықтан да ата-аналардың баланы жақсы тануына,
оны түрлі жағдайда көре алуына,үлкендерге баланың жеке ерекшелігін
танытуға,олардың қабілеттерін дамытуға,өмірлік құнды бағдарын қалыптастыруға,
жағымсыз мінез-құлықтарынан арылтуға көмек беруге мүмкіндік беретін
функционалдық сауаттылығын арттыру әдіснамасы әзірленеді.
Ата-аналарды мектеп өміріне белсенді тартуға
бағытталған іс-шаралар жүйесі әзірленеді: қамқоршылық кеңесін,ата-аналар
қауымдастығын, ата-аналар университетін құру.Аталған қоғамдық институт әрбір
білім алушының отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға,отбасы мен мектеп
мүдделерін өзара қолдап ,ортақ жағдай жасауға әсер етеді.Бұл ретте мектеп
есептілігінің және оқушылардың оқу жетістіктері мен мектеп қызметі туралы
қауымдастыққа толық және ашық ақпарат ұсынудың барабар деңгейі қамтамасыз
етіледі.
Жаңаша оқыту технологияларын әр сабақта тиімді
пайдалану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамиды.
Жаңа оқушы:
·
Ойын еркін айта алады
·
Ақыл ойы жетілген
·
Топ алдында
белсенділік көрсетеді (лидер)
·
Тіл байлығы жетілген
·
Жан-жақты
·
Үш түрлі тілді жетік
меңгерген
·
Ақпараттыө
технологияларды жетік меңгерген.
·
Оқу
бағдарламалары,сондай-ақ,мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға
және негізгі,пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағдарланады.
PISA зерттеулерінде табысты елдердің
(Оң.Корея,Жапония,Қытай,Гонконг және т.б) тәжірибелерінескере отырып,жоспардың
инварианттық (міндетті) және вариативтік (мектептің таңдауы бойынша ) бөліктері
арасындағы тиімді пропорцияны анықтау есебінен оқу жоспарын реттеудегі
мектептер дербестігінің сәйкес деңгейі қамтамасыз етілетін болады.Оқу жоспары
оқу әдебиетін,математиканы оқыту және жаратылыстану-ғылыми,ақпараттық,тілдік
сауаттылықты қалыптастыру үшін оқу сағаттарының қажеттігі санын бөлуді
қарастырады.
Күтілетін нәтиже:
Қабілеті мен икемділігіне қарай білім алуға қолы
жетеді
Алдына мақсат қоюға дағдыланады
Өзінің қызығушылығын,икемділігіе,болашағын болжай
алады
Өз болашағына жауапкершілік артады.