«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Имандылық – жарасады ұл – қызға

24.01.2017

Сабақтың

тақырыбы:  Имандылық

– жарасады ұл – қызға.

Мақсаты:

1.

Білімділік мақсаты:

Оқушылардың ораза

туралы ойларын, түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен

пайдасы туралы жаңалықтармен таныстыру.

2. Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың мұсылман

діні туралы білімдерін кеңейте отырып, ой – өрісін, қиялын, қызығушылығын,

белсенділігін, құштарлығын, яғни адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін

сүюге, ата салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған

ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу.

3. Тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды халқымыздың ұмыт болған салт – дәстүрлерін

жалғастырып құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа,

ептілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке,

шеберлікке, ұқыптылыққа, талаптануға, дәлдікке ұлттық педагогика негізінде

тәрбиелеу.

Түрі: Сұхбат  сабақ.

Көрнекілігі:  Мешіт салынған

суреттер, нақыл сөздер, үнтаспа, құран кітаптар.

Барысы:

Мұғалім:

Мұсылмандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып мерекесін қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Қарсаламын қуанышпен баршаңды, - деп құттықтай отырып,

бүгінгі ашық тәрбие  сабағымыздың мақсаты

– мұсылман дінінің мұсылмандарының өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы, қажеттілігі

туралы білу болмақ. Халқымыз жан – жақты адамды «сегіз қырлы, бір сырлы» дейді.

Адамның сегіз қырының бірі – оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата

салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны

айыра біледі.

         Міне, біз

«Имандылық – жарасады ұл - қызға» деген тақырыпта өз ойларымызды ортаға

салмақпыз.

1 – жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, құрметті көпшілік қауым!

2 – жүргізуші: Армысыздар

ұстаздар мен оқушылар!

1 – жүргізуші: Аса қамқор

мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау бүкіл әлемді жаратушы Аллаға

лайықты! Он сегіз мың ғаламның падишасы Алла Тағала бүкіл әлемді құрмет пен

нұрға бөлеген, бүкіл адамзат баласының бұлжытпай орындайтын ұлы әмірі ретінде

қасиетті Құран Кәрімді Рамазан айында түсірген.

         Рамазан

айында балиғатқа жеткен әрбір мұсылманға ораза ұстау парыз, яғни таң атқаннан

күн батқанға дейін тамақ, сусын ішуден, темекі тартудан, сағыз шайнаудан,

инемен дәрі егуден, қан беруден, түннен басқа уақытта шомылудан, тағы сол сияқтылардан,

мұсылмандарға қайшы келетін істерден бас тартуға тиіс.

2 – жүргізуші: Егеменді  еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында.

Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне

ұялатып, санасына құю – бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.

Қазіргі кезде ата – анасын

қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп жүрген алаяқтар,

маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын.

Сондықтан, мектепте имандылық

тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерді сіңіру үшін, өзін мұсылман

деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет – ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып

өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенеміз. Осы орайда қасиетті өткізгелі

отырған «Имандылық – жарасады ұл - қызға» атты ашық тәрбие сағатымыздың

құрметті қонағы, біздің сұрақтарымызға жауап бергелі келіп отырған дін жолына

түсіп, үлкен беделге, ілтипатқа бөленіп жүрген және  Қажылыққа  барып келген  дене 

шынықтыру пәнінің мұғалімі Сейдахметов

Айбар Есімбекұлы орталарыңызда.

Ән:  Ана

туралы  

1 – жүргізуші: Көп жыл бұрын

намаз оқыған мұсылмандарды  діншіл,

ұлтшыл деп қудалауға ұшыратқан Кеңестік саясат халқымызды дінінен біраз алшақтатып

жіберген еді. Қудалауға ұшыраған тіліміз де, дініміз де қайта оралып ұрпақ

тәрбиесіне қызмет атқарып отырған да еліміздің тәуелсіздігінің жемісі болмақ. 

2 – жүргізуші: Сонымен қатар

бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдарды

біледі екен, соған кезек берелік.

1 – оқушы: Мұсылман дінінің

негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан

шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп атайды.

2 – оқушы: Ислам дінін

ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды.

3 – оқушы: Мұсылман дінін

ұстанатындардың негізгі қасиетті

күні – жұма.

4 – оқушы: Ораза ұстаған

адам  өзін – өзі тәртіпке шақырып, жаман

істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан өтірік, өсек айту, дау –

жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға

тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза

ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді.

5 – оқушы: Мұсылмандардың  қасиетті үйі – мешіт. Мешіт – өтірік

айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер.

6 – оқушы: Мұсылман дінінің

қасиетті кітабы – Құран. Құранның сөзі құдайдың сөзі. Құдай жалғыз. Ол көзге

көрінбейді, бірақ жердегі адам атаулының іс – қимылын, тіпті ойлаған ойына

дейін біліп отырады.

7 – оқушы: Ораза айында әр

отбасы жан басына белгіленген мөлшерде пітір садақа береді. Бұл осы Рамазан

айына аман – есен жеткеніміз үшін берілетін құдайы садақа. Мұнда мұсылман

қауымы дүние қоңыздықтан аулақ болуға үйренеді. Адамдарды тату өмір сүруге

баулиды. Пітір садақаны ауру – сырқаулы, жетім, мүсәпір адамдарға беруге

болады.

8 – оқушы: Аллаға шын

иланған адам оның ұлықтығын таниды, айбынынан қаймығады. Алла Тағала қалаған

адамының несібесін кеңітеді және тарылтады. Қасиетті Рамазан айында күнәдан

тазару және ел – жұртымыз, отбасымыз үшін жақсы тілек, ниетпен ораза ұстаймыз.

Ауызы берік мұсылман адам белгілі бір уақытта тамақтануға дағдыланады,

асқазанын күшейтіп, денсаулығын жақсартады. Тазалыққа көп мән береді.

9 – оқушы: Аллаға сенудің

пендеге берері көп. Тіршілікте дұрыс, түзу жол табу – иман мен жақсы істердің

нәтижесі. Иман – адам бойында қанағат, қайсарлық пен сабырлылық, ұстамдылық

сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Ислам дінін тұтынатын мұсылманның бес парызы

бар.

1. Құдай бірлігі Мұхаммед

пайғамбар қасиетін мойындау

2. Намаз оқу

3. Ораза ұстау

4. Садақа беру

5. Қажылыққа бару

10 – оқушы: Шариғат бойынша

адам қылмыс жасамауы, жаман сөз, өтірік айтпауы керек. «Менде ғана болсын»

деген өзімшілдік, біреуге қиянат, зорлық жасау діннен безген, діннен

қорықпағандардың ісі, ондай адам  күнәһар

болып есептеледі.

11– оқушы: Ауыз

бекіткендерді «ауыз ашарға» шақырып дәм беру үлкен сауап болады. Оларға

қамқорлық көрсету керек. Ораза ұстаудың күндіз тамақ ішпеуден басқа шарттары да

мол.

1 – жүргізуші:

         Жүректерді толтырып ап тәтті арманға,

          Әнменен

бір болыңыз шаттанғанда.

         Оқушылардың

өнеріне зер салыңыз,

         Үшінші

мыңжылдыққа аттанғанда, - демекші келесі тыңдайтын әндеріңіз          «Әке

туралы».

2 – жүргізуші:

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай

атамыз айтқандай Шәкәрім Құдайбердіұлының дін туралы айтқан пікірлеріне көңіл

аударсақ.

1 – оқушы:

Көзге сеніп, ойға сенбей,

Жаны жоқ деп қаңғырып,

Адасып жүр ақты көрмей,

Көңілі соқыр көп надан.

Ана сансыз кереметті,

Кім жаратса, Тәңірі сол!

Десе нетті,

Қойса бітті,

Ақиқатқа жайнаған.

Шала дін, қате пәннің,

Сөзіне ерме, маған ер.

Міне жаның, міне тәңірің,

Міне дінің, міне иман.

2 – оқушы:

Тәңіріні іздеп бір мұңғыл,

Тас суретке шоқынса.

Өлсе де болып соған құл,

Иманын бұзбай отырса.

Атақ, пайда іздемей,

Ойында мақтан жоқ болса.

Қиянатты көздемей,

Қанағатқа жоқ болса.

Құдайың мен дүниеге,

Кезекпе – кезек шоқынса.

Инедей пайда тие ме?

Мешітте мың жыл отырсаң.

3 – оқушы:

Кімде болса шын мінез,

Болмас онда екі сөз.

Өлтірсе де көзбе – көз,

Иманын сатып алмас бөз.

Иман да сол, дін де сол,

Адаспайтын айқын жол.

Күнде мейлің, ыза бол,

Бейіске анық кіреді ол.

Мысал емес , шындығым,

Әлгі мұңғыл – әулие.

Иман сатқан жындының,

Іздегені дүние.

4 – оқушы:

Қасиетті баламын,

Жаныңды билеп аламын.

Денеңді отқа саламын,

Жалыны шықсын гу де гу.

Байлаймын да көзіңді,

Патша қылам өзіңді,

Ұғып отыр сөзімді.

Ел билетем жеті ру

Ешкімге зиян тигізбей,

Кәріптің көңілін күйгізбей,

Сайтанға беттен сүйгізбей,

Жүрегіңді нұрмен жу,

Мақтанды алма ойыңа,

Кек сақтама бойыңа.

Барма дүние тойына,

Ойнаса да уда – шу.

Егер мұны қылмасаң,

Айтқаныма тұрмасаң,

Өз нәпсіңді бұлдасаң,

Саған арам сөз ұғу.

5 – оқушы:

Өлімнің хақ екенін көрсең де,

Өлместей омыраулап шатасың.

Дозақтың барын біліп жүрсең де,

Күнәға әлің келсе батасың.

Сауап көп ғибадатқа десең де,

Жалығып, жалқауланып жатасың.

Адалдық, адал ырызығың жесең де,

Арамды әдейі іздеп татасың.

 

 

6 – оқушы:

Сыртыңды сыланасың өң беріп,

Ішіңнен түзетпейсің қата сын.

Айламен алдағанды жөн көріп,

Адамды аң орнына атасың.

Жалғанның бір пайдасын көргенде,

Арланбай арыңды да сатасың.

Алланың ақ өлімі келгенде,

Амалсыз қара тастай қатасың.

 

7 – оқушы:

Шошыма достым, сөзімнен,

Сөз – Құдайдан шыққан бу.

Ұқпасаң көр өзіңнен,

Жұтқызайын нұрлы су.

Ішіп алып мас болып,

Мал мақтанса қас болып,

Нәрестедей жас болып,

Қайта жарал, қайта ту.

1 –

жүргізуші: Жалпы біздің

оқушыларымыздың ислам діні, мұсылмандар туралы білетіндері осы ғана

болғандықтан, онан әрман білу үшін келген қонағымыз  Сейдахметов Айбар Есімбекұлына көкейде жүрген

сұрақтарымызды қоюға кезек берелік.

         1. Рамазан

деген сөздің мағынасы не?

         2. Рамазан

айының келгендігін қайдан білеміз және қашан ораза тұтуымыз парыз болады?

         3. Рамазан

оразасы қай жылы парыз болды.?

         4. Оразаға

ниет ету парыз ба?

         5.

Фидие  деген не?

         6. Рамазан

айында итикафқа кіру деген не?

         7. Ораза

айында басқа қандай мерекелер бар?

         8. Қайтыс

болған мұсылмандарға құран бағыштап құрмет көрсетіп жатады, бейітке

барады?  Сауабы қандай?

         9. Қадір

түні деген не?

         10. Имам

деген мешіт бастығы ма?

 

2 – жүргізуші: Рамазан айында

адамның ой – пікірлері, іс – әрекеттері Жаратушы Иеміздің әмірлерін мүлтіксіз

орындап, тыйғандарынан сақтанып, күнә мен қатерлерден аулақ болып, өзін бір

жоғары және нәзік жағымды дәрежеге жеткізіп, тәні мен рухани дүниесін тазартып

қуатталған иманы мен сезімі арқылы Жаратушы Иеміздің құзырына жақындата түсетін

ұлы құлшылықтың бірі – Ораза.   

1 – жүргізуші: Әміршіміз Алла

Тағала өзінің елшісі Мұхаммед ( ғ.с.)ға айтыпты: «Барлық жұмыста адамның

қайырымды ісі өнсе, тіпті жеті жүз есе бағалаймын. Бірақ Ораза мен үшін

тұтылады және мен сол үшін сый көрсетемін», - деген екен.

2 – жүргізуші: Пайғамбарымыз

Мұхаммед (ғ.с.) Рамазан айының ерекше маңыздылығына көңіл бөліп: Рамазанның

бастапқы он күні тозақ отынан құтылу деген. Сондық тан бауырларым, баршамыз

ораза ұстап жәннаттан үмітте болайық. 

Аллаға сену ұлтымыздың бірлігін

нығайтады. Дініміз халқымыздың ұйтқысы, отаншыл ой – санасының асыл арқауы

болады. Елін, тілін, дінін сүйетін ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімізді қоса

білейік. Еліміздің келешегі үшін сыйлы қонағымыздың айтқан Алланың қағидаларына

мойын ұсынуымыз қажет.

1 – жүргізуші: Алтын

уақыттарыңызды бөліп,  бір ауыз сөзімізді

жерге тастамай, біз білмейтін мұсылман діні туралы мағлұматтарды білуге үлкен

үлес қосқандарыңыз үшін көптен – көп рахмет.

2 – жүргізуші: Назарларыңызға

рахмет. Қош, аман болыңыздар.

 

(Баяу Аллаға сену  туралы музыканы жіберіп қою)

 

 

Просмотров: 1617

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст