«Егер есті кісінің қатарында болғың келсе,
күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір,
ең болмаса айында бір,
өмірді қалай
өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал.»
(Абай)
Үнемі өзгеріп,
дамып отыратын қоғамда уақытқа ілесіп, бірге қадам басу үшін мектеп директорына
жүктелетін жүк ауыр да жауапты. Замана ағымы басшылардан шұғыл да білікті шешім
қабылдауды талап етеді. Әр басшы ұжымындағы әріптестерінен оқ бойы озық тұруы
үшін үнемі өз біліктілігін арттырып, білімін шыңдауда тынбай талаптануы тиіс.
«Мектеп директоры кім?» деген сұрақ төңірегіне көз жүгіртсек, оны заң
істерінің маманы, экономист және есепші, санитар дәрігер, шаруашылық ісінің
меңгерушісі, техника қауіпсіздігі бойынша инспектор, дипломат, келіссөз
жүргізуші, мұғалім, дизайнер т.б. деп тізбектеліп кете береді.Өзім
директор бола тұра, күнделікті жұмыстарымыздың басым бөлігі әртүрлі мәселелерді
талқылау үшін адамдармен кездесу, қағаздарға қол қою және т.б. Байқағандарыңыздай,
егер мектеп директоры өз өкілеттілігінің кейбір салаларын қарамағындағы
қызметкерлермен бөліспейтін болса, күнделікті жұмыстың астында қалады. Ол өз
кезегінде, әрине, жұмыс сапасының нәтижелі болуына кесірін тигізеді.Олай болса,
«не істеу керек?» деген сұрақтың туындауы заңды.Қазіргі жылдам өзгермелі
заманда мектеп басшысы өз міндеттері мен кей жұмыс салаларының белгілі бір
бөлігін қол астындағыларға бөліп бермейінше, жұмысты талапқа сай жүргізе
алмайды.Әрбір өз жұмысында жоғары нәтижеге қол жеткізгісі келетін мектеп
директоры көшбасшылық дағдыларды игеріп,үздіксіз кәсіби дамудың жоғары
деңгейіне көтерілуі тиіс.Мектеп директоры өз өкілеттілігін бөлісу арқылы
қарамағындағыларды жақсырақ біле түседі және олардың өзін-өзі жетілдіруіне,
шығармашылыққа ынталандырып, ұжымда өзін- өзі басқару үрдісін жетілдіреді.
Әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге жауап ретінде әлемдегі бүкіл елдер
өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда, сондықтан уақытпен бірге қадам
басу үшін жұмысты жетілдіріп, үнемі өзгеріс енгізіп, дамып отыру қажет. Сондықтан қазіргі мектеп басшыларының
басқару ісінде өз жұмысын жаңашаландыру үшін таңдау жасауға тура келеді.
Басшылық па, әлде көшбасшылық па? Айырмашылығы неде? Мен мұны қарапайым тілмен
түсіндіріп беруге тырысайын