Елбасы Жолдауы – ел болашағы
Өткен жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев экономиканың жеделдетілген технологиялық
жаңғыруына қол жеткізу, цифрлы техологияны қолдану, жаңа индустрияларды
өркендету, өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс
секторын дамыту, цифрлы индустрияны жеделдету арқылы Қазақстанды бәсекелестікке
қабілетті елге айналдыру міндеттерін қойғаны баршамыздың есімізде. 2018 жылғы
10 қаңтардағы«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
міндеттері» Жолдауында «Қазақстанның
үшінші жаңғыруы» тұғырнамасын ары қарай дамытатынын түсіндік. Жолдаудың басты
мақсаты – бүкіл әлемнің жаңа технологиялық құрылысқа көшуі жағдайында ең
дамыған отыз елдің қатарына кіру. Елбасы осы арада он түрлі міндетті
алға қояды. Ол Қазақстанның индустриясын ең жаңа технологияларды енгізудің
көшбасшысына айналдыру, өндірістік үдерістерді цифрландыру арқылы өнеркәсіптегі
еңбек өнімділігін арттыру, ресурстық әлеуетті тиімді пайдалану, өндіріске
ақпараттық технологиялық шешімдерді батыл енгізу, агроөнеркәсіп кешенін жаңа
технологиялық деңгейге көтеру, көлік пен логистикалық инфрақұрылымды одан әрі
дамыту міндеттерін қамтиды.
Білім беру
саласының қызметкері болғандықтан, бізге жетінші міндет көп ой салып отыр.Өйткені
онда білім беру саласына қатысты біраз мәселелер көтерілді. Онда Президентіміз
Н.Назарбаев «адами капитал – жаңғыру негізі» деп атап көрсетіп, «білім беру ісінде өзіміздің озық
жүйемізді құруды жеделдету қажет,»- екенін айтқан.
«2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай
мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу
машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай
стандарттарын енгізу, 2025 жылға дейін білім
берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау,«Баршаға
тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру, 2019
жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды
ағылшын тіліне көшіру басталады,»- делінген Жолдауда.
Ұстаздар мен ата-аналарды
қуантқаны - оқушылардың жүктемесінің төмендетілетіні. Елбасымыз:
«Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін
еркін меңгеруінде,»- деп атап көрсетіп отыр халыққа арналған өз Жолдауында. Бұл
- уақыт талабы. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ
заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар
қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.
Сонымен қатар, 2018 жылы категориялар арасындағы
алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін
категориялардың жаңа кестесін енгізу, категорияларды
бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру – ұстаздар
қауымына үлкен жауапкершілік жүктейтін болады және олардың жалақысы да сол
біліктіліктің расталуына байланысты өсетіні мұғалімдер арасында бәсекелестікті
арттырады. Бұл өз кезегінде педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге
ынталандыратын болады.
Осы
аталған тапсырмалар аясында ел боп бірлесе жұмыс істеп, межелерді орындасақ,
әлемдегі дамыған елдердің қатарынан көрінетін боламыз. Елбасы барлық салада
заманауи технологияларды, цифрлы жүйені пайдалану керектігін ұсынды. Бұл - заман
талабы. Елбасы Жолдауынан ел болашағын бағамдауға болады. Сондай-ақ «Рухани
жаңғыру» аясында бізде санамызды жаңғыртуымыз қажет. Себебі қазіргі әлем мүлдем
бөлек, мүлдем басқа қарқында ілгерілеп келеді.
Халелова Эльмира Майдановна
«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім
беретін орта мектеп» КММ-нің директоры.