«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып оқушыларының зейінін анықтау

15.12.2020

      Бастауыш сынып оқушыларының зейінін анықтау

 

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының зейінін анықтау

Міндеті:  

  • Баланың  зейін ерекшеліктері және оны тәрбиелеу жолдарын айқындау;
  • Психологиялық-педагогикалық  әдістемелер арқылы бала зейінінің қалай дамығанын анықтау;

 Жоспар

  • Диагностикалық жұмыс
  • Танысу сабағы
  • Коррекциялық жұмыстар (жаттығулар, аутотренинг)
  • Диагностикалық  жұмыстар
  • Қорытындылау

Өткізу формасы:екі оқушымен

  • 6 ай көлемінде жоспарланған, аптасына 15-20мин

       Жас ерекшелігі: бастауыш сынып оқушылары

       Кездесу жиілігі: аптасына 1 рет (1 сабақ)

Сабақтың реті

  •  

     Уақыт көлемі

Диагностика жүргізу анықтау

 

Бурдонның корректуралық кестесінің көмегімен зейіннің тұрақтылығын анықтау. 

  1.  

 Зейіннің бөлінуі мен ауысуын анықтау әдістемесі (Пьерон-Рузер тестінің бланкісі бойынша)

 

«Зейін функцияларының даму деңгейін анықтау» әдістемесі 

1 Сабақ

Интерактивті стратегиялар.

Мақсаты: пікір-таластуғызу, әңгіме құрастыру

«Түгендеу-шатастыру»

«Кім тапқыр?»

«Буынға буын қос»

 

 

  1.  

2 Сабақ

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының зейінін тұрақтандыруға бағытталған

 « Құлақ – мұрын»

  «Шыбын» ойыны

« Өз орныңды тап» жаттығуы

 3  Сабақ

Мақсаты:Зейіннің бөлінуі мен ауысуын анықтау

« Кім зерек»

«Сандарды орналастыр»

«Дайын бол»

 

  1.                 

  4 Сабақ

Мақсаты: Зейіннің шоғырлануын анықтау

 

«Пионино»

«Зейінді бол»

  1.  

5 Сабақ

Мақсаты: Оқушы бойындағы  зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту

«Жіптің ұшын тап»

«Шатыспақ»

 

 

  1.                  

 Диагностикалық жұмыстар

Нәтижелерді салыстыру

 

 Зейінінің нәтижелігі анықтау «

  Зейіннің өнімділігін «Сандарды орналастыр» әдістемесі 

  1.                  

 

  •  

 

 

 

 

1.Әдістеме. Зейіннің тұрақтылығын анықтау.
Мақсаты: Бурдонның корректуралық кестесінің көмегімен зейіннің тұрақтылығын  анықтау. 
Материал: Бурдон кестелері.
Тәжірибе жүрісі: тәжірибенің мақсатымен таныстыра отырып, сыналушыларға алдын ала жасалған екі Бурдон кестесі таратылады (пробалық және негізгі тәжірибе үшін).
Бурдон кестесі (пробалық тәжірибе үшін).

         Г Х Б П К Ш З П Ю В Р Б Х П А Е  Т  Д  Д Ж С Г Р В Х С Г И  К В

Р Г М А И Т К О Б Е М Ф О И Ю Ш  Л З Ж  В В П Е  П А Ч Н В С

Ю Р Х Б Я З Ш  И О С В Ч  Е Х Т Е С П  М Н Н О Ж Х Ш Н А Е Ч

Ж В Л  Ю Ф О  В П А К  Ч М К Ч З Ш А Ж  К Я Д  Х И С В П Б Ю

П В У Ю ША Т Х С Г М К Р А Т Ю Д Д  Р Г Р Л В Р Г  Г А М К Е

З О У Б Х Ф П Л Ж Ш Я И С Ю  Д Ю Х В Т У Ч  П Я И Х Н Л У Т

В Б К О ГЗ М Х Я Я Р Д А Ч Ю Ж С  Ф Н П Д С Р К Г А О  Ю Д Я

 

Одан кейін алда тұрған жұмысты хабарлайды: кестенімұқият қарай отырып, тік сызықпен А, М, К, З әріптерін сызыңыз. «Бастадық» деген бұйрықта барлық сыналушылар жұмысқа кіріседі. «Болды»! деген сөзде оны аяқтайды. Пробалық тәжірибе бір минут жүргізіледі. Бұнда сондай-ақ тік сызықпен

А, М, К, З әріптерін сызып шығу керек.Сондай-ақ сыналушыларға әрбір миуттан кейін «птичка қой»!деген бұйрық болатыны жайлы да ескеру керек. Бұл белгі бұйрық қай әріптің жанында айтылса, сол жерге қойылады.

Пробалықтан негізгі тәжірибенің айырмашылығы төрт минут беріледі. 2 және 4 минуттан кейін қосымша тітіркендіргіш енгізіледі. Мысалы метронмен 1минутта 60-80 қоңырау соғылады.
 

Бурдон кестесі (негізгі тәжірибе үшін)
А М К З
Ю Т Л Е Ф Г Ж И У П Щ С Р Д Е А Т Л Б З К И Н С Я В П М О З А ГН Б П С
ВИ О М Ш С Я С Н Л Ч О Ж В М Ф Е Ю З У Х Д Р Т Г К Б ИА Н Д К Х УТЦ
ГЗ Ш Я Н Б Х Ю А ВЧ Ю Ф Д П С З И Х П Ч Ж Г О Б Ш Ж С ВУА РЛ М ТП
Б Д К ОМ В З С Ю Х Н Г ЯЖ В С Ю И М П Е Т Р Ш У Х К П Л Ж И УЧФРТ
Е З Н Г А Р Х М Ф П У Ю Н К Я З Г Ш В Л П Т Е Б Р Ж Н Ч О К Б Р Ч М С
Д Л ОУ Ж А Г З Д В Ю Я И Ф М С Х У К Ш Л П Т Е Б Р Ж Н Ч О К Б РЧМС
З С Х И Г Х Л Я Ч З Д Е Ж О Ф О Н Б ГУШ Т ЮК М А П И Б Р В Е Н ПАКВ

К РА М О Ч Р П Д Х И Ю П Ж Ш Г В Ф С З Б О Я Ж Х Л Ю В ЕБ Д КТФСУ
Л ПЕ З Б У Т Н В С О Ю М Ю П Ж Е Ш Ж Н В Р Т Х СК Л П АХИ ШДАГЦ
М Т Р Г Ж М Ж У З Х Д Л П А ЕК БР Н Ю И Ч Б Ф Я О Г Т Ш С А Д КОЧХ
ИБ Ф С Е Н С М Ф ЮО Н Я ЯХ Л Р Е А У Д В Ж Т Г Ш В И К Б Л Н П В ЗФ
А У Р Г О Л К Ю Х У Ш ЮМ Н В П С Я С Х Е З Н П Ч О Ж Ф А Ж НТБКДВ
И РЧ З Е К М Н Х Т Ю Ж Ч Б Р В Г С Б Ж П И Ю У Д П Х А Е Н С Ш МЛЗД
Ж М П Д Ж У Ш С Е М П Т О Н Ю А В К Б И Ч Р Л Я У Д Ф З Г К О А Н ГБ
Н Л П Б З Я Ю Б О Ж Х М У Ф Д Т П А Ч Г З С К Е В Р Н Л И Ш И В ТФХЖ
Г А Ж М П Г Т К П У Р О И Д Н В Ч У Л С Я Е Х Ф Б З А Ш Ж М ДКОСШК
Ч Н Л Х Б Н Я О Ч Ш Л Ф Х М С З А Е В П Г Т К И ДЮРБУЮРБУЮРИЗУЯ
МД Т Ф Е К ИГ Ю СХ В ЯГС Ж Д Ж Т Е А П Х Б Р В Ю П З Ш А К О Ш ЯИ
Д В А К Н Х Ю Р Х Л У Ж С В Н Ч П Е П В Ж З Л Ш Ю И С Ф М Е Г И БМР
Б Д К ОМ ВЗ С Ю Х Н Г Я Ж В С Ю И М П Е Т Р Ш У Х К П Л Ж И Ч Ф Р К
И Р Ч З Е К М Н Х Т Ю Ж Ч Б Р В Г С Б Ж П И ЮУ Д П Х А Е Н С Ш ТМЛЧ
Г З Ш Я Н Б Х Ю АВ Ч Ю ФД П С З И Х П Ч Ж Г ОБ Ш З С В У А Р Л МТШ
Л П Е З Б У Т Н В С ОЮ М Ю П Ж Е Ш Ж ИВ Р Т Х С К Л П А Х И Ш Д АГ

 

2.Әдістеме.  «Зейін функцияларының даму деңгейін анықтау»  
Мақсаты: зейіннің қызмет кезінде қандай деңгейде жұмыс атқаратынын анықтау.

Нұсқауы: сіз 2 минут ішінде төменгі бланк квадратының бос клеткаларына өсу реті бойынша сандарды қойып шығуыңыз қажет. Бұл сандар жоғары квадрат бланкісінде 25 торшада шашыраңқы орналасқан. Бағалау дұрыс жазылған сандар көлеміне байланысты орташа норма 22 сан. Жоғарғы 25. Әдістемені топтық зерттеуде қолдану ыңғайлы.


16 


37 


98 


29 


54 


80 


92 


46 


59 


35 


43 


21 



40 



65 


84 


99 



77 


13 


67 


69 


34 


18 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Әдістеме. Пьерон-Рузер тестінің бланкісі бойынша

  • Зейіннің бөлінуі мен ауысуын анықтау

Ұқсасын тауып, сызу. Әр түрлі пішіндер салынған матрица ұсынылады. Матрицадан оқушы ұқсас пішіндерді тауып сызу қажет. Тапсырманы орындауға 3-5 минут уақыт беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Сабақ

 

1.«Түгендеу-шатастыру» ойыны

  Мақсаты: Еріксіз зейінді дамыту.

  Жүргізуші сол жерде отырған баланың атымен, тегін қате айтады. Бала зейін қойып, мұқият тыңдап отырады. Тек қана атымен тегін дұрыс айтқанда ғана алға шығады. Егер кімде-кім қателессе, ойыннан шығады, айыбын төлейді (жұмбақ, жаңылтпаш, әзіл өлең)

 

2.«Кім тапқыр?»

Мақсаты: берілген дыбыстың орнына таба білуге машықтандыру. Ойын барысында балалады  зейінді болуға дағдыландыру. Түстерді тез айырып, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу. Достық қарым – қатынасқа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: берілген дыбысқа арнап салынған түрлі –түсті суреттер, ойыншықтар, жалаулар.

Ойын шарты: тәрбиеші  берілген дыбыстың сөздің басында, ортасында, соңында келетіндігін айтады. Балалар зейін қойып тыңдап, егер өтілген дыбыс сөздің басында болса, көк жалаушаны, ортасында болса, жасыл жалаушаны, соңында болса қызыл жалаушаны жоғары көтереді.

Мысалы: Самат, сағыз, тіс, сиыр, қасық.

 

3.«Буынға буын қос»

Мақсаты: басталған буынға буын қосып сөз құрастырып айта білуге  шапшаңдыққа, зейінділікке  баулу.

Көрнекілік: ұсақ жалаушалар, ойыншықтар

Ойынның шарты: Балалармен жеке-жеке немесе екі топқа бөліп, өткізуге болады.Тәрбиеші сөздің басқы буынын айтады, балалар сөзді тез аяқтайды.

Мысалы: Ау – (ла). Сә – (біз). Қа – (лам).

 

2 Сабақ

 

1.«Құлақ -мұрын»

Мақсаты: Зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығын анықтау

 Балалар шеңбермен тұрадыЖүргізуші: Құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.

2.«Шыбын» ойыны

 

 

 

  •  Зейінді тұрақтандыруға бағыттау

  Тақтаға тігінен он клеткадан және көлденен он клеткадан тұратын төрт бұрыш сызылады, оның кезкелген жеріне нүкте салынады, Осы нүктені «шыбын» деп атаймыз. Сонан соң жүргізуші шыбын бір клетка жоғары, төрт клетка оңға, бес клетка солға, алты клетка төмен дегендей нұсқау береді, шыбын қонды деген кезде оқушылар «шыбын» қайда қонып тұрғаны туралы айтып нүктені сол жерге ауыстырады, дұрыс тапқан оқушы жүргізушінің орнын ауыстырып өзі «шыбынның» ұшу жолын айтады, қалған оқушылар оны табу керек. 

  1.                3.«Өз орныңды тап»
 

 

 

  • Зейіннің бөлінуі мен ауысуын анықтау

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

 

 

3 Сабақ

 

1. «Кім зерек»

Мақсаты: Зейіннің бөлінуі мен ауысуын анықтау

Нұсқау:1 – ден 20-ғадейін, 20-дан 1-гедейінсанаудыпысықтау.

Құрал-жабдық: Бірінші ондық сандары суреттердің көмегімен белгіленген карточкалар.

Мазмұны: ( 1 вариант) Мұғалім магнит тақтағасуреті бар карточкаларды кезекпен іліп қояды да, суреттің саны қанша, санаңдар – дейді. Сонан кейін  мұғалім допты бір оқушыға қарай лақтырады да, қолымен солдан оңға қарай белгі береді: допты ұстаған оқушы белгіленген санды айтады да, сол саннан бастап 20-ға дейін санап шығады. Егер мұғалім қолымен оңнан солға қарай белгі берсе, оқушы санауды 20-дан бастап көрсетілген санға дейін санап шығады. Санау мұғалімнің белгі беруі мен тоқтатылады. Мұғалім басқа карточканы алып қояды да, ойын алдыңғыдай жолмен  жалғастырылады.

2 вариант. Мұғалім санды атайды да, допты лақтырады, оқушы келесі санды не алдыңғы санды (мұғалімнің сұрағына  орай) атайды.

 

  1. «Сандарды орналастыр»
 

 

 

Мақсаты: Зейіннің өнімділігін анықтау

 Тор көздерде орналасқан сандарды бос тор көздері бар бланкіге өсу ретімен орналастырып жазу қажет.

Жұмысты орындауға 2-3 минут уақыт беріледі.Әрбір дұрыс табылып жазылған сандар үшін 1 ұпайдан беріледі.Зейіннің өнімділігі 10 ұпайлық жүйемен бағаланады:

 

                 3. «Дайын бол»

 

 

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс – қимылмен көрсетеді.

 
  •  Зейіннің  бөліну деңгейін анықтау

  Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.

 

4 Сабақ

1. «Пионино» 

 

 

 

  • Зейіннің шоғырлану деңгейін анықтау. 

Оқушылар шеңбер құра отырып, екі жағындағы адамдардың тізесіне қолдарын қояды, Сонан соң жүргізуші қасындағы адамның тізесінен бір рет түртеді, келесі қол екі рет түрту керек, одан кейінгі қайтадан бір рет түрту керек. Ойын осылай жалғасын табады. Шатасып қалған оқушы ойыннан шығып отырады, шеңберде бір адам қалғанша ойын жалғасады, сонына дейін жеткен оқушы ең зейінді оқушы атанады. 

2.«Зейінді бол»

  • Зейіннің шоғырлануын анықтау

    Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл – қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.

 

5 Сабақ

1.«Шатыспақ»

Мақсаты: Оқушы бойындағы  зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту

Нұсқау: Өтілген дыбыстарды қайталап пысықтау.

Ойын шарты: Әріптер қалтасына әріптер ретсіз салынады.

Мысал: СОНА (С, А, О, Н), АЛМА (Л, А, М, А) және сол сияқты шатасқан әріптерді ретімен қойғанда шыққан «СОНА» сөзін буынға бөлгізіп, онда екі буын бар екенін айтқызу.

 

2.  «Жіптің  ұшын  тап»  жаттығуы

  Мазмұны: Бір түсті жіптерді бояуға ала отырып, түрлі-түсті жіптер жасалынады.Бұл жіптерді қағаз парақтарына орналастырады (желпігіш зигзаг) тек қана жіптің ұшы қағаз сыртында қалады. Одан кейін жіп қойылған парақ екінші альбом парағымен жабылады. Жіптерді бала біртіндеп шығарып алу керек. Түсті дақтарды алған соң, бала зат бейнесіне ұқсатып бөлшектерді аяқтау керек. Желпігіш зигзагы  жасалады

Қорытындылау:  Баланың  бүгінгі  сабақтан  алған  әсері  мен  сабақан  не 

үйренгендігі  жөнінде  жапсырма  қағазға  жазып, өз   пікірін   айтуға  мүмкіндік  беру. Баланың пікірін тыңдау.

 

 

Диагностикалық жұмыстар

Нәтижені салыстыру

1. Зейінінің нәтижелігі анықтау «Ландольт сақиналары»

   Оқушы зейінінің нәтижелігі мен тұрақтылығын анықтау үшін Ландольт сақиналары алынады, себебі бұл - әр түрлі жастағы балалардың зейінінің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әмбебап құрал. Оларды мұқият қарап, белгілі бір бағытта орналасқандарын тауып, сызу керектігі түсіндіріледі. Жұмыс уақыты 5 минут.

Зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығы төмендегі формула бойынша есептеледі:

0,5N - 2,8n

S = .

t

Формуладағы S – зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығының көрсеткіші, N – баланың сызған сақиналарының саны, n – қателер, бөлімнің асты жұмсалған уақыт. Алынған нәтижелер бойынша оқушының тапсырманы орындау графигі.

 

 

Зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығының көрсеткіштері 10 ұпайлық жүйеге келтіріледі:

S – тің мәні 1,25 ұпайдан жоғары болса – 10 ұпай;

S – тің мәні 1,00 ұпайдан 1,25 ұпай аралығында болса 8-9 ұпай;

S – тің мәні 0,75 ұпайдан 1,00 ұпай аралығында болса 6-7 ұпай;

S – тің мәні 0,50 ұпайдан 0,75 ұпай аралығында болса 5-4 ұпай;

S – тің мәні 0,25 мен 0,50 ұпай аралығында болса 2-3 ұпай;

S – тің мәні 0 мен 0,25 ұпай аралығында 0-1 ұпай.

 

  1. Зейіннің өнімділігін «Сандарды орналастыр» әдістемесі 

 

  Зейіннің өнімділігін «Сандарды орналастыр» әдістемесі бойынша анықтауға болады. Тор көздерде орналасқан сандарды бос тор көздері бар бланкіге өсу ретімен орналастырып жазу қажет.

Жұмысты орындауға 2-3 минут уақыт беріледі.

 

Әрбір дұрыс табылып жазылған сандар үшін 1 ұпайдан беріледі.

Зейіннің өнімділігі 10 ұпайлық жүйемен бағаланады:

10 ұпай-берілген уақыт ішінде 23 және одан да жоғары сандарды жаңғыртты;

8-9 ұпай-берілген уақыт ішінде 19-22 сандарды жаңғырта алды;

4-7 ұпай-берілген уақыт ішінде 10-18 сандарды жаңғырта алды;

0-3 ұпай-берілген уақыт ішінде 9-ға дейін сандады жаңғырта алды.

 

Зейіннің аумағы туралы қорытынды:

10-ұпай - зейін өнімділігі өте жоғары;

8-9 ұпай - зейін өнімділігі жоғары;

4-7 ұпай - зейін өнімділігі орта;

2-3 ұпай - зейін өнімділігі төмен;

0-1 ұпай - зейін өнімділігі өте төмен немесе жеткіліксіз.

 

 

Қорытындылау

  • Бастауыш сынып оқушыларының зейінінің даму деңгейін анықтау
  • Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың мінез-құлқын бақылау, зейінінің сапасын анықтау
Просмотров: 5204


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст