«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы күніне орай аудандық деңгейде дебат турнирі ұйымдастырылды.

22.10.2025

Қазақстан Республикасы күніне орай аудандық деңгейде дебат турнирі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, сыни және логикалық ойлау қабілетін дамыту, сонымен қатар оқушылар арасында пікірсайыс мәдениетін дәріптеу болды.Турнир барысында қатысушылар өзекті тақырыптарда өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелді пікірлерін ортаға салды. Жас пікірсайысшылар еліміздің дамуы мен болашағы туралы белсенді талқылау жүргізіп, өз білімдері мен шешендік қабілеттерін көрсетті. Біздің мектептің "Шабыт" қазақ лига командасы 3 орынға ие болды. Топ мүшелері: Темірболат Арсен, Сайпидин Жібек. Жетекшісі: Доспаева Г.Б. Орыс лигасынан "Голоса перемен" тобы 1 орынға ие болды. Топ мүшелері: Әміржан Адия мен Ерғали Мадина. Жетекшісі: Қарабатырова Г.Қ. Іс-шара соңында жеңімпаздар мен үздік спикерлер марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Мұндай шаралар жастардың белсенді азаматтық позициясын нығайтып, отансүйгіштік сезімін арттыруға үлкен үлес қосады.

Просмотров: 15


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст