Текст
М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясында республикалық пәндер олимпиадасына қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шара барысында мектеп директоры Халелова Э.М. құттықтау сөз сөйлеп, оқушылардың еңбегі мен жетістіктерін ерекше атап өтті. Ол білім мен табандылықтың арқасында жеңіске жеткен оқушыларға алғысын білдіріп, ұстаздар мен ата-аналардың қолдауын жоғары бағалады. Мектеп директоры олимпиадаға қатысушыларға мадақтамаларды салтанатты түрде табыстады. Жүлделі орынға ие болған оқушыларды құттықтаймыз!