Текст
Зеренді ауданының ҚІЖБ-нің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімшесінің бастығы сержант С.Манап және С.Нұрмағанбетов атындағы құрлық әскерлерінің әскери институның курсанты Байғазы Батырханмен бірге 9-11-сынып оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Курсант Байғазы Б.өзі таңдаған мамандығының ерекшеліктерін, оқуға түсу тәртібі жайлы сөз қозғады. Жақсы маман болу үшін қиындықты жеңе біліп, ерік-жігерлерінің мықты болу керектігі жайында ақыл-кеңес берді. Кәсіби бағдар беру педагогы: Абдильманова Б.З.