Текст
2025 жылғы 18 ақпанда Зеренді ауылының № 2 ЖОББМ-де «Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру, М.Ж.Көпейұлының туындыларындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойына сіңіру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту» мақсатында Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы мен «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасынан Дыбысова Лейла -I орын, Мейрамова Вера-«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауынан -ІІ орын (жетекшісі:Садыкова Г.М.) , Жексенбек Ұлпан- III орын (жетекшісі Дюсенова С.С.) иеленді.
Облыстық кезеңге өткен оқушымыз Лейлаға сәттілік тілейміз!!!