Текст
Бүгін мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған "Тіл-халық мұрасы"атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Бұл мереке көп ұлтты халқымызды біріктіретін мәдениеттер мен дәстүрлердің байлығына деген құрметті білдіреді. Салтанатты ашылуында оқушылар өз өнерлерін көсетіп, әдеби монтаж айтып, көрініс көрсетіп, күй тартты. Тілдер күні – халықтар арасындағы достық пен бірлікті дәріптейтін, елдің басты құндылықтарының бірі – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған мереке. Бұл күннің басты мақсаты – Қазақстандағы әрбір азаматтың ана тілін құрметтеуге, мемлекеттік тілді дамытуға, мәдениетаралық түсіністік пен сыйластықты нығайтуға шақыру. Соңында тіл мамандары онкүндіктің жоспарымен таныстырып