Мектебімізде қыркүйек айының 15 жұлдызында тілдер онкүндігінің жоспарына сәйкес қазақтың ұлы ақыны, еліміздің кемеңгері Абай Құнанбаевтың туылғанына 180 жыл толуына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты тақырыпта әдеби-сазды кеш болып өтті.#Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,шығармаларына шолу жасау,өлеңдерін,әндерін мәнерлеп айтқызу.#Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт.Абайды тану — қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану — Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз да!Әдеби кеште айтылған ұлағатты сөз, дәрия ақыл оқушылардың санасына сіңіп, болашақта кәдесіне жарайды деген сенімдеміз