Текст
Алғашқы әскери технологиялық дайындық және дене шынықтыру бірлестігінің «Білімді, өнерлі, шыныққан ұрпақ – жарқын болашақ!»
айдарымен өтіп жатқан онкүндігінің іс-шараларын өткізу жалғасуда. Бүгін Көркем еңбек пәні мұғалімі Искакова Ш.Ж. "Сызықтық перспектива" және Жангожин Н.Е. "Мозайка панноны орындау" тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Ондағы мақсат: оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрсету, әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, эскиз,панно жасату. Сабақтары қазіргі талапқа сай өтті. Бірлестік жетекшісі: Б.Абдильманова