Ағымдағы жылдың 7 қазанында Зеренді ауылының № 2 ЖОББМ-де 8-11 сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуға арналған республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты - оқушылардың әдебиетке, шешендік өнерге қызығушылығын арттырып, шығармашылығын шыңдау. Байқауға аудан мектептерінен жалпы 68 оқушы қатысып, біздің мектептен 10 оқушы түрлі номинациялар бойынша бақтарын сынады. Байқау нәтижесінде эссе жазудан 8 «Ә» сынып оқушысы Амантай Жансая 2 орын, 8 «А» сынып оқушысы Бағдат Диана 3 орын иеленді. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша 8 «Ә» сынып оқушылары Совет Рамазан мен Есімбек Аян 2 орынға ие болды. Дәл осы номинация бойынша 8 «Б» сынып оқушысы Дүсембай Мирас пен 9 «Ә» сынып оқушысы Жолдыбек Айдын 3 орынға ие болды. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 10 «Ә» сынып оқушысы Қалижан Ақерке 3 орын алды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз.