Текст
8 қазан күні Зеренді ауылының №2 ЖОББМ-де Қазақстан Республикасы күніне арналған облыстық «Жас тарихшылар мен өлкетанушылар» форумының аудандық кезеңі өтті.
Біздің мектептен «Туған өлке – тұнған шежіре» номинациясы бойынша 10 «Ә» сынып оқушысы Көкше Нұрай «Қарауыл руынан шыққан Көмекей Бөгенбай би» тақырыбында зерттеу жұмысын ұсынып, І орынға ие болды.
Жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі Нұрсеитов Талғат Олжабаевич. Оқушымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы облыстық кезеңде сәттілік пен биік жетістік тілейміз!