«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін 14.10.25ж 9 сыныптарда онлайн сабақ өткізілді .Тақырыбы: Активті және пассивті тасымал.

14.10.2025

Бүгін 14.10.25ж 9 сыныптарда  онлайн сабақ өткізілді .Тақырыбы: Активті және пассивті тасымал. Жасуша мембранасы арқылы заттардың тасымалдануыСабақтың оқу мақсаттары нақты анықталған және оқу бағдарламасына сәйкес келеді. Негізгі мақсат — активті және пассивті тасымал түрлерін салыстыру, олардың айырмашылығын тәжірибе арқылы түсіндіру. Оқу нәтижелері сабақ соңында оқушылардың жауаптарынан және практикалық тапсырмаларынан анық көрінді.Сабақ құрылымы логикалық бірізділікпен ұйымдастырылған.
 «Миға шабуыл» кезеңінде «Тұз бен су арасындағы жарыс» тәжірибесі өткізілді. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабақтың тақырыбын өздігінен табуға мүмкіндік берді.Мұғалім активті және пассивті тасымал ұғымдарын салыстырмалы кесте арқылы түсіндірді. Оқушылар топтық кейс-тапсырмалар арқылы өмірлік мысалдарды талдап, қорытынды жасады. Формативті бағалау тиімді жүргізілді. Топтық және жеке жұмыстар кезінде оқушылардың жауаптары талданды, дескрипторлар негізінде ауызша кері байланыс берілді.Кері байланыс  «1:2:3» әдісімен кері байланыс жүргізілді. Бұл әдіс оқушының өзін-өзі бағалау дағдысын дамытты.

Просмотров: 325


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст