Ұйымдар тізімі
03.12.2025
Мектебімізде Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күрес күні аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен қызметкерлердің назарын қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, алдын алу мәдениетін қалыптастыру және адам құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Әйелдер құқығы, зорлық түрлері және одан қорғану жолдары туралы мәлімет берілді, пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара соңында қатысушыларға «Зорлықсыз қоғам – кемел қоғам» идеясын қолдауға, отбасындағы және қоғамдағы өзара сыйластықты арттыруға шақыратын қорытынды сөз айтылды. Қатысушылар үшін маңызды ой тастады. Бұл жұмыс әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Кәсіподақ ұйымының төрайымы: Б.З.Абдильманова
