«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұшқыр ой алаңы» дебат ойыны

06.02.2026

«Ұшқыр ой алаңы» дебат ойыны#Тәрбие жоспарының айлығы аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Ұшқыр ой алаңы» дебат ойыны өткізілді.#Іс-шараны «ШАБЫТ» дебат клубының жетекшісі Доспаева Г.Б. жүргізді.#Дебатқа 6 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысты.#Дебаттың тақырыбы: Кәмелетке  толмағандар арасында  заң бұзушылыққа интернет пен әлеуметтік желілердің әсері жоғары деп есептейді#Үкімет палатасы:
Лидер – Сайпидин Айша,
Спикер – Мақсатқызы Айару. Оппозиция палатасы:
Лидер – Ерғали Айкүнім,
Спикер – Бейсенғали Назерке.#Мақсаты:
– Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
– Интернет кеңістігін дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану туралы түсінік беру;
– Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;
– Сыни ойлау, дәлелмен сөйлеу, қарсы пікірді тыңдай білу дағдыларын дамыту;
– Көшбасшылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.#Пікірсайыс барысында оқушылар өз көзқарастарын нақты дәлелдермен қорғап, қарсы тараптың пікіріне сыни тұрғыда жауап берді. Дебат өте тартысты әрі мазмұнды өтті. Осындай іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қоғамдағы өз орнын түсінуге ықпал етеді.

Просмотров: 187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст