Текст
Ұйымдар тізімі
21.06.2021
Жылдағы дәстүр бойынша мектептің тарих пәні мұғалімдері археологиялық қазба жұмыстарын биыл да жалғастырып жатыр. Қазба жұмыстары Краснояр ауылының шетінде жүргізілуде.Археологиялық қазба жұмыстарына біздің мектептен 11оқушы және тарих пәні мұғалімдері Нұрсейітов Т.О. және Әміржанов Ә.Қ. қатысып жатыр.Мамандардың айтуы бойынша,бұл жерде табылған жәдігерлер мыс-тас дәуірінің Ботай мәдениетіне жатады. Қазба жұмыстары кезінде сол дәуірдің еңбек құралдары, қару жарақтары, қыш құмыралардың сынықтары және мал сүйектері табылды.
