«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұстаз – саған мың алғыс!»

05.10.2021

«М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы»КММ-нің мәдениет залында Мұғалімдер күніне, «Ұстаз – саған мың алғыс!» атты арнайы шара өткізілді. Мектеп  мұғалімдері және интернат тәрбиешілері қатынасқан жиында,мектеп директоры Э.М.Халелова құттықтау сөз сөйлеп, Мадақтама грамоталарын табыс етті.

Мектеп оқушылары ән салып,би билеп ұстаздардың көғілін көтере білді. КВН командасы мектептің өмірінен алынған қызықты қойылым көрсетті.

Мектептің түлектері бейнероликтер арқылы ұстаздарға жылы лебіздерін білдірді.

Шара үстінде мұғалімдерге және тәрбиешілерге құрмет көрсетілді. Оушылар өз аттарынан мұғалімдерге мықты денсаулық, шығармашылық табыстар тіледі.

11 «а» «ә» сыныптардың оқушылары өзін-өзі басқару шарасы кезінде,төменгі сыныптарға сабақтар жүргізді.Балалар мектепті басқаруды қолға алып,ұстаздар мен тәрбиешілердің рөлінде болды.

Мектеп ұстаздарына арналған мереке жоғары деңгейде аталып өтілді.

Просмотров: 297


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст